"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

08.12.2023

Бірінші курс студенттері ТЖ-11 тобы үшін «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» тақырыбында ашық сабақ өткізілді .
Ашық сабақтың мақсаты мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезіну, басқа тілді құрметтей білуге үйрету болды.
Студенттер 3 топқа бөлініп, өзара топтармен жарысып, тапсырмалар орындады.
•Бірінші тапсырмада студенттер эмоциялар арқылы берілген мақалды табу керек болды.
•Ал екінші тапсырма «Қазақ интеллигенциясының суретеріне қарап есімдерін тап» деп аталды. Бұл тапсырмада студенттер суретте көрсетілген қазақтың ұлы даналарын анықтау керек болды.
•Үшінші тапсырмада барлық топқа бір тақырып бойынша постер қорғауға берілді. Әр топ постер қорғау барысында өздерінің ізденімпаздықтарымен ерекшелене білді.
Топ мүшелері барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.
Тәрбиелік мәні зор ашық сабаққа қатыса отырып, студенттер өз білімдерін одан әрі шыңдады .
Аталған іс-шара Қазақстанда тілдер апталығын өткізу аясында өтті .

Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст