"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер

 

«Бурабай» колледжі мекемесінің

2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес "Бурабай" колледжі мекемесі мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді.

2024 жылы "Бурабай" колледжі мекемесімен 83 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 6 қызмет.)

Айта кету керек, "Бурабай" колледжі көрсететін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес тегін негізде ұсынылады.

Өткен жылы колледж келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» - 68 қызмет.

2) «Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру» - 0 қызмет.

3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 5 қызмет.

4) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 1 қызмет.

5) Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 9 қызмет.

6) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау - 0 қызмет.

2024 жылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есептерде ұсынылған Талдамалық деректерге сүйене отырып, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» және «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Колледж бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Жаңартылған күні: 25.03.2021 09:32
Құрылған күні: 24.12.2024 13:39

Текст