Текст
"Бурабай" колледжінің 1 курс студенттері Жанұзақов Ернар, Каиролла Диана онлайн форматында өткен Отан батырлары күніне арналған "Отан батырлары 2024" Халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік студенттер конференциясына қатысты.
Жанұзақов Ернар, Каиролла Диана конференцияда "Мейірімділік әпкелері" тақырыбында баяндама жасап, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Флоренс Найтингейл атындағы медальмен марапатталған медбике Мария Смирнова-Кухарскаяның ерлігі туралы әңгімеледі!
Материалды жинау кезінде студенттер Көкшетау қаласындағы Флоренс Найтингейл атындағы "Мейірімділік пен батылдық" медалімен марапатталған медбикелерге арналған әлемдегі жалғыз мұражайға барды!
Студенттерімізді II дәрежелі дипломмен құттықтаймыз