Текст
13.06.2023
"Бурабай" колледжінде топ кураторлары "Қауіпсіз шомылу. Суда өзін ұстау ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Бұл тақырып әсіресе жазғы каникул кезінде өзекті болып табылады, сондықтан студенттерге суға түсу кезінде өзін-өзі ұстау ережелері мен сақтық шаралары туралы барлық қажетті ақпарат берілді, сонымен қатар қарапайым қауіпсіздік нормалары көрсетілді.
Біздің мақсатымыз – студенттердің жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.