"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі»

15.12.2018

Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 27 жыл бұрын жариялаған болатын. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы

Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. 

Қазақ жастары Алматыда, Қарағандыда, Ақмолада тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Сол

қаһарлы желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол  Сыпатаев тағы басқаларының ерлік көрсеткендері бізге мәлім.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Бурабай» колледжі мекемесінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналаған «Желтоқсан оқиғасы – ұлт

рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел өтті. 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан біздің жерлес азаматтарымыз да аз емес. Аталған

іс-шара солардың құрметіне арналды. Студенттер бұл тақырыпқа қызығушылық танытып, іздеп,  мәлімет жинақтап, зерттеп, сұхбат алды. Сонымен қатар, 

дөңгелек үстелге М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысы  әмбебап-ғылыми кітапханасы қызметкерлері  Махамбетиярова Э.С., Абылкасымова А.А.,

Көкшетау қаласы «Жастар  ресурстық орталығы» әдіскері Тұрлыбек Б. қатысты.  М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысы  әмбебап-ғылыми кітапханасы «Тәуелсіздік – тұғырым» атты көрмесімен студенттерді  таныстырды. Шараның соңы  «Желтоқсан жыры» өлеңімен аяқталды.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст