Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Бурабай» колледжінде «Тәуелсіздік жылдарындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаев Б.Қ., сонымен қатар оқытушылар, студенттер және «Көкше» үйірмесінің мүшелері конференцияға қатысты. Конференция барысында Тәуелсіздік жылдарындағы Ақмола облысының экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мәселелеріне тоқталды.
Шараның басты мақсаты – өңіріміздің тарихына деген қызығушылықты дамыту, отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, колледж студенттерінің рухани жан дүниесін, ел алдындағы жауапкершілігін арттыруға үлес қосу.
Барша қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Барлығына бейбітшілік, жақсылық, Отанымызға гүлдену тілейміз!