Текст
Бурабай колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтуде. Топтар арасында волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақтан спорттық жарыстар өтеді. Жарыстар олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Биыл біз басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз.