Текст
08.06.2026
«Бурабай» колледжінде оқу-дала даярлығы аясында бірінші курс студенттері арасында далалық жиын өткізілді.
Жиын барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, саптық дайындық, жергілікті жерде бағдарлау және түрлі жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар олардың дене төзімділігі, тәртіптілігі және жауапкершілік сезімі дамытылды.
Далалық жиын жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудегі маңызды кезеңдердің бірі болып, олардың бойында командалық рухты, өзара көмек көрсету дағдыларын және әскери борышқа деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
Жиынға қатысқан студенттерді оның сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және оқуында, спортта әрі колледждің қоғамдық өмірінде толағай табыстар тілейміз!