08.06.2026
2026 жылғы 21 мамырда «Бурабай» колледжінің студенттері үшін тарих пәнінің оқытушысы Бейсембаев Б.Қ. Кеңес Одағының Батыры, көрнекті қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған Бірыңғай адалдық сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.
Адалдық сағаты барысында студенттер Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, оның ел тарихындағы орны мен еңбегімен танысты. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ар-намыс, қадір-қасиет, Отанға адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас сияқты құндылықтардың маңызы талқыланды.
Студенттер «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс пен ерлік – батырдың басты белгісі» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» бейнематериалын тамашалап, оның мазмұнымен танысты.