Текст
08.06.2026
Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға және кәсіби жолын саналы түрде жоспарлауға көмектесуге бағытталған кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары сұранысқа ие мамандықтармен танысып, білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алды және мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестерге ие болды. Сонымен қатар, болашақта табысқа жетуге ықпал ететін жеке қасиеттерді, дағдылар мен қызығушылықтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы – әрбір оқушының өмірлік жолын саналы түрде таңдауына және жарқын болашағын қалыптастыруына жасалатын маңызды қадам. 💼📚