08.06.2026
«Бурабай» колледжінде «ТОП-100 студент» атты ішкі чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Байқауға колледждің ең белсенді, дарынды және мақсаткер студенттері қатысты. Әрбір қатысушы өз жетістіктерін лайықты түрде таныстырып, жоғары білім деңгейін, шығармашылық әлеуетін және көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. 💡📚
Қатысушылар өздерінің портфолиоларын, жүзеге асырған жобаларын, сондай-ақ оқу және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін ұсынды. 🎯
Байқау комиссиясының қорытынды отырысында қатысушылардың дайындық деңгейі өте жоғары екені атап өтілді. Сондықтан жалғыз жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ. Осыған байланысты үздік нәтиже көрсетіп, өзін жоғары деңгейде таныта білген екі студентке бірдей бірінші орын беру туралы шешім қабылданды:
🥇 І орын — Молдахметов Жандос
(ЖД-22 тобының студенті)
Белсенді студент, ерікті, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегері.
🥇 І орын — Жанұзақов Ернар
(ЖД-22 тобының студенті)
Топ старостасы, белсенді студент, еріктілер қозғалысының мүшесі, спортшы, спорттық туризм бойынша халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жүлдегері.
Жеңімпаздарымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – колледжіміздің мақтанышы әрі барлық студенттерге үлгі болатын тұлғаларсыздар. 👏🏅✨
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер, толағай табыстар және биік белестерді бағындыруды тілейміз! 🚀