Текст
08.06.2026
«Бурабай» колледжінің студенттері Ақмола облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан үшін туған ұлдар» атты жасөспірімдер арасындағы байқауға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, жас ұрпақтың бойында ерлік, жауапкершілік және бірлік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Ынтымақтастық үшін Ақмола облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Колледж оқытушысы Сағит Диана Серікқызы бірлесіп өткізілген іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін кітапхана директорының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Алдағы уақытта да өзара ынтымақтастығымыздың табысты әрі жемісті болатынына сенім білдіреміз.