"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!

08.06.2026

«Бурабай» колледжінде Отан қорғаушылар күніне орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Бейсембаев Б.Қ. ұйымдастырып, студенттерге Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерлігі, отансүйгіштігі мен қаһармандығы, олардың майдандағы ерліктері және Жеңіске қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Ақпараттық сағат барысында отбасылық тарихтарға ерекше назар аударылды. Студенттер өздерінің ата-әжелері туралы, олардың өмір жолы, еңбек ерліктері және елдің дамуына қосқан үлесі жайында мақтанышпен әрі ыстық ықыласпен баяндады. Осындай естеліктер жас ұрпақтың бейбітшіліктің қадірін терең түсінуіне, үлкендерді құрметтеуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпараттық сағат Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды құрметпен еске алудың және ел тарихына тағзым етудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст