29.04.2026
«Бурабай» колледжінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша 3-курс студенттері Досмұханов Мирас пен Баранов Никита «Ақмола WorldSkills – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік байқауына «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Досмұханов Мирас құрметті 3-орынға ие болып, дипломмен марапатталды, ал Баранов Никита сертификат алды.
Студенттердің қатысуы WorldSkills қозғалысындағы маңызды қадам болып, олардың жоғары деңгейдегі дайындығын және кәсіби өсуге деген ұмтылысын дәлелдеді.
Дайындық барысында колледждің әлеуметтік серіктесі — Көкшетау қаласындағы «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ тарапынан елеулі қолдау көрсетілді. Кәсіпорын заманауи жоғары технологиялық жабдықтарда оқыту және жаттығу мүмкіндігін ұсынып, бұл табысты өнер көрсетуге шешуші әсер етті.
Колледж кәсіпорын тарапынан жетекші мен тәлімгерге кәсібилігі, қолдауы және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді 💙