Текст
03.02.2025
«Бурабай» колледжінде студенттермен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында лекция-сұхбат өтті.
Кездесуді әділет аға лейтенанты Мотовилова Валерия өткізіп, мазмұнды әрі танымдық дәріс оқыды. Лекция барысында жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Әрбір азаматтың жемқорлықпен күрестегі рөлі мен заң талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
✨ Жемқорлыққа жол жоқ — бұл мықты қоғамның таңдауы!