21.04.2026
Көкшетау қаласында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған экологиялық акция өтті 🌍
«Бурабай» колледжінің студенттері бұл бастаманы белсенді қолдап, плоггингке қатысты — яғни жүгіру немесе серуендеуді қоқыс жинаумен ұштастыратын пайдалы іс-шара. Қолдарына қолғап пен қапшық алған жастар қала тазалығына өз үлестерін қосып, табиғатқа деген жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті 💚
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық сана, ұйымшылдық және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
«Бурабай» колледжі өз студенттерімен мақтанады — олар бейжай қалмай, экологиялық мәдениетті дамытуға нақты үлес қосуда!