21.04.2026
«Бурабай» колледжінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqmola – 2026 өңірлік кәсіби шеберлік байқауында оқу орнын таныстыруға дайындалуда ⚡️
Осындай беделді чемпионатқа қатысу — студенттеріміздің жоғары білім деңгейін, практикалық дағдылары мен кәсіби дайындығын көрсетуге, сондай-ақ құнды тәжірибе мен жаңа құзыреттер алуға тамаша мүмкіндік.
Дайындық барысында колледждің әлеуметтік серіктестері — Көкшетау қаласындағы «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде.
Олардың көмегі мен тәлімгерлігінің арқасында студенттер өз дағдыларын жетілдіріп, алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басуда.
«Бурабай» колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысушыларға шынайы қолдау білдіріп, оларға сәттілік, өз күшіне сенімділік және жоғары нәтижелер тілейді! 💪✨