21.04.2026
9 сәуір күні Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Бурабай” колледжінің студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге сала мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда:
— Көкшетау қалалық Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Хуандық Бахытберген;
— Көкшетау қ. ПБ КПБ бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Жүсіп Н.Р.;
— Көкшетау қ. ПБ ППБ қызметінің инспекторы, полицияның аға лейтенанты Токтар С.Б.
Кездесу барысында келесі мәселелер кеңінен қарастырылды:
🔹 Діни экстремизмнің алдын алу.
Теолог маман Хуандық Бахытберген деструктивті діни ағымдардың жат идеологиясынан сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, жастарды ақпараттық кеңістіктегі күмәнді діни уағыздарға сыни тұрғыда қарап, дәстүрлі рухани құндылықтарды қадірлеуге шақырды.
🔹 Құқықтық мәдениет.
Құқық қорғау органдарының өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдары туралы нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ, заң алдындағы жауапкершілік мәселесі ерекше атап өтілді.
🔹 Профилактика.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға деген құрметті қалыптастыру және жат ағымдарға қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру.