Текст
20.03.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Бурабай» колледжінің өкілі мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандықтары, қабылдау шарттары, оқу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берілді. Болашақ талапкерлер студенттік өмір, өндірістік тәжірибе, сондай-ақ колледждегі түрлі іс-шараларға қатысу және жеке даму мүмкіндіктері туралы білді.
Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, әрі қарайғы білім алу жолын саналы түрде айқындауға мүмкіндік береді.