Текст
20.03.2026
«Бурабай» колледжінде студенттерге «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәрісті Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті департаментінің прокуроры Баева Юлия Геннадьевна жүргізді. Кездесу барысында студенттерге жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, заңға қайшы әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ заңды сақтау мен құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы айтылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.