23.02.2026
«Бурабай» колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Сталкинг» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар сталкинг ұғымымен, оның негізгі белгілері мен салдарымен танысты. Жеке қауіпсіздік, жеке шекараны қорғау және қудалау жағдайында әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және өмірлік жағдайларды талдап қарастырды. Топ кураторлары дер кезінде көмекке жүгінудің және айналасындағылардың қолдауының маңыздылығын атап өтті.
Осындай кураторлық сағаттарды өткізу қауіпсіздік мәселелеріне саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру дағдыларын дамытуға ықпал етеді.