«Бурабай» колледжінде студенттердің Жастар ресурстық орталығы өкілдерімен мазмұнды кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін, өңір жастарының әлеуметтік белсенділігін және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында ЖРО мамандары жастарды қолдауға бағытталған қолданыстағы жобалар мен бағдарламалар, волонтерлік қозғалыс, гранттық бастамалар, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттер мен азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Диалог аясында конституциялық реформалардың маңыздылығы, құқықтық мемлекет құрудағы жастардың рөлі және елдегі қоғамдық үдерістерге белсенді азаматтық қатысудың маңызы сөз болды.
Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірталасқа атсалысты. Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық ұстанымды дамытуға және жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.