06.02.2026
«Бурабай» колледжінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасының ережелерін түсіндіру және кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралар аясында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Конституция — тұрақтылықтың кепілі» атты құқықтық диктант өтті.
📜 Диктант барысында студенттер конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Конституцияның мемлекеттің тұрақтылығы, заңдылығы және орнықты дамуының басты факторы ретіндегі маңызы туралы білімдерін тексеріп, толықтырды.
🎓 Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және жастардың мемлекеттік әрі қоғамдық үдерістерге саналы көзқарасын дамытуға ықпал етеді.
✨ Қатысушыларға белсенді қатысқандары және еліміздің конституциялық дамуы мәселелеріне қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз!