05.02.2026
Студенттер арасында жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында өзекті және маңызды бағыттар бойынша тақырыптық бейнероликтер көрсетілді:
🚦 «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» — жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін мұқияттылық пен жауапкершіліктің маңыздылығын еске салу.
🎰 «Лудомания» — ойынға тәуелділіктің қауіптері, оның салдары және өз мінез-құлқы мен қаржылық шешімдерге саналы көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы туралы.
🌐 «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» — желіде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері, жеке деректерді қорғау және интернет-қатерлердің алдын алу жөнінде.
📌 Бейнеқөрсетілімнен кейін студенттермен құқықтық сауаттылықты арттыруға және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған талқылаулар өткізілді.
Өзіңізді қорғаңыз және әр күн сайын саналы таңдау жасаңыз 💙