"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бурабай» колледжіндегі дәріс: «Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы»

22.01.2026

«Бурабай» колледжінде «Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

👮‍♂️ Іс-шараның дәріскері:
Ақмола облысы ПД ӘПБ ЖП инспекторы, полицияның аға лейтенанты
Өмірбеков Әлібек Асылбекұлы

Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
✅ жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережелері және жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалану
✅ жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының маңызы
✅ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі
✅ жолдан өту кезінде телефон мен құлаққап қолданудың қауіптілігі
✅ қараңғы уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау

🚦 Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты!
ЖҚЕ сақтау — бұл жай ғана формалдылық емес, өмір мен денсаулықтың кепілі.

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст