Текст
24.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тарих пәнінің оқытушысы Бейсембаев Б.К. студенттерге тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу тарихына арналған ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалармен танысып, ел дамуының негізгі кезеңдерін еске алды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің маңызы, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтары, жастардың мемлекеттің болашағындағы рөлі талқыланды.
Осындай кездесулер студенттердің туған ел тарихына деген құрметін қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуге ықпал етеді.