Текст
09.12.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Бурабай» колледжінде көрнекті қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған «Отанды сүйген өр ақын» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара «Темір жол көлігімен апаруды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 1 курс студенттеріне арналды.
Студенттер ақынның өмірімен, шығармашылық жолымен және Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы патриоттық мұрасымен танысты.