08.12.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» премиясының лауреаттарын және сапа саласындағы бірқатар ұлттық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатта «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Рахымбек Баталов «Кәсіби маман» конкурсының жеңімпаздарын жариялады. «Үздік колледж», «Үздік кәсіпорын» және «Үздік тәлімгер» номинацияларында 54 үміткер бақ сынады.
«Бурабай» колледжінің өндірістік оқыту шебері, тәлімгері (әлеуметтік серіктестер — «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ «Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі») Ережепов Жорабек Тұрғынұлы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, Жұмысшы кәсібі жылы аясындағы “Кәсіби маман” республикалық конкурсының II кезеңіне қатысты.
🏆 Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік тәлімгер» номинациясында І орын иеленді!
‼️ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жорабек Тұрғынұлын ісіне адалдығы үшін III дәрежелі күміс медальмен марапаттады! ‼️
«Бурабай» колледжінің әкімшілігі мен студенттері
Жорабек Тұрғынұлын шын жүректен құттықтайды!
Оған кәсіби жолында жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз! 🌟