21.11.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының көрнекті ғалымы, ағартушысы және зерттеушісі Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және қазақ мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Бурабай» колледжінің студенттері қатысты.
✨ Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамындағы ерекше орны, оның ғылымға қосқан үлесі мен құнды еңбектерін жас буынға кеңінен таныстыру.
Іс-шара барысында:
🔹 Ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне қатысты тың деректер ұсынылды;
🔹 Студенттер Уәлихановтың еңбектері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, оның зерттеулерінің маңызын атап өтті;
🔹 Кітапхана қызметкерлері әзірлеген деректі бейнеролик көрсетіліп, жастар оны талқылады;
🔹 Соңында ғалымның кітаптары мен материалдары таныстырылып, қатысушылар арасында пікір алмасу өтті.