Текст
31.10.2025
«Бурабай» колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 2 және 3 курс студенттері Молдахметов Жандос пен Томубай Ерасыл «ЭкоТурBEST – Бурабай Қазақстанның інжу-маржаны» атты Республикалық фестиваліне қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.
🎓 Қатысушылар мен олардың жетекшілері экологиялық қозғалысты дамытуға қосқан үлестері мен белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар студенттердің зерттеу және тәжірибелік дағдыларын дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. 🌱🚆