Текст
15.10.2025
«Бурабай» колледжінің 2-курс студенті,
«Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алып жүрген Молдахметов Жандос Ақмола облысының әкімі атынан Құрмет грамотасымен марапатталды 🌟
Бұл марапат жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы белсенді және нәтижелі қызметі, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға қосқан үлесі үшін берілді 👏
Жандосты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оған алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 💐