Текст
15.10.2025
🧠 «Панацея» клиникасының психологынан дәріс
Бүгін колледжде «Панацея» клиникасының психологы Аманбаева Улпан Сәкенқызымен кездесу өтті.
Дәріс тақырыбы – «Жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу».
💬 Кездесу барысында студенттер жауапты мінез-құлық, тұлғааралық қатынастар және өздерінің психологиялық денсаулығына қамқорлық жасау мәселелерін талқылады.
✨ Мұндай кездесулер жастардың өмірлік шешімдерге саналы түрде қарауына және салауатты өмірлік құндылықтарды қалыптастыруына ықпал етеді.