09.10.2025
📅 2025 жылдың 2 қазан күні
👩🎓👨🎓 «Бурабай» колледжінің студенттері Көкшетау қаласында өткізілген кең ауқымды профилактикалық рейдке қатысты. Іс-шараның мақсаты – құқыққа қарсы мазмұндағы жазбаларды, соның ішінде есірткі заттарын жарнамалайтын жазбаларды анықтау және жою болды.
🚔 Рейд облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының, сондай-ақ облыстық ПД жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасы мен «Учаске» операциясы аясында ұйымдастырылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, жастарды құқықбұзушылықтың алдын алуға тарту, азаматтық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
#БурабайКолледжі #Қарасора2025 #ЖастарРухы #AMANAT #ЗаңжәнеТәртіп #Көкшетау #Профилактика #АдалАзамат