01.10.2025
📢 «Бурабай» колледжінде
«Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» 🚉⚠️ тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара әлеуметтік серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылды:
ТОО «ҚТЖ – Жүк тасымалы, Ақмола бөлімшесі ГП».
👥 Дәріскерлер ретінде сөз сөйлегендер:
Жағипаров А.К. – Көкшетау станциясы бойынша ВЖДО бастығының орынбасары
Шакенов Ж.Е. – полиция майоры, ОАП ЛОП
Бердалиев Д.Б. – Көкшетау-1 станциясы бастығының техникалық жұмыс жөніндегі орынбасары
🔎 Спикерлер студенттерге теміржол нысандарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, нормаларды бұзған жағдайда жауапкершілікті еске салды және жеке сақтықтың маңызына ерекше тоқталды.
✅ Мұндай кездесулер студенттердің қауіп-қатерді түсінуіне, сондай-ақ теміржол маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.