Текст
19.09.2025
Колледжіміздің педагогтері «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық конференцияға қатысты.
Бұл іс-шара білім беру саласының өкілдерін, әскери-патриоттық тәрбие мамандарын, сондай-ақ педагогтер мен бейінді ұйымдардың басшыларын біріктірді.
💡 Конференция барысында жас ұрпақ бойында қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды:
✔️ моральдық құндылықтар,
✔️ жауапкершілік сезімі,
✔️ кәсіби құзыреттілік,
✔️ азаматтық кемелдік.
🌿 Мұндай кездесулер – болашақтың жауапты да кәсіби даярланған азаматтарын тәрбиелеудегі маңызды қадам!