Текст
12.09.2025
📚✨ «Бурабай» колледжінде Тілдер апталығына арналған қызықты да танымдық іс-шаралар өтті!
🎮 Ағылшын тілі сабағында студенттер “The Power of Words” атты интеллектуалды ойында бақ сынасып, тіл білу — шынайы күш екенін дәлелдеді.
🇰🇿 «Тілім менің – тірегім» викторинасы қазақ тілінің әсемдігін және маңыздылығын тағы бір еске салып, туған тілге деген құрмет сезімін нығайтты.
📖 Орыс тілі бойынша өткізілген лингвистикалық викторина студенттерге білімдерін тексеріп, ой-өрістерін кеңейтуге және орыс тілінің қаншалықты бай да мәнерлі екенін түсінуге мүмкіндік берді.
✨ Мұндай кездесулер тілдік дағдыларды дамытып қана қоймай, әрбір халықтың мәдениеті мен тарихына құрмет сезімін қалыптастырады.