Текст
💼 «Бурабай» колледжінің студенті Айқын Рашитұлы Есенбек 2025 жылғы 14 шілдеден бастап ресми түрде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының Ақмола бөлімшесі» Көкшетау жол дистанциясының №3 өндірістік учаскесіне 3-разрядты жол монтері ретінде жұмысқа қабылданды.
🤝 Бұл колледждің әлеуметтік серіктестермен тиімді ынтымақтастығы мен дуальды оқыту форматының белсенді дамуының нәтижесінде мүмкін болды!
🎓 Біз алған білімдерін тәжірибеде сәтті қолданып, кәсіби өмірге сенімді қадам басып жатқан студенттерімізді мақтан тұтамыз!