📌 2025 жылғы 5 маусымда Бурабай ауданы, Щучинск қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Экология – болашаққа қадам» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен колледждердің экология мәселелеріне бейжай қарамайтын студенттері мен оқытушылары қатысты.
«Бурабай» колледжінің студенттері конференция жұмысына белсене қатысты.
🚆 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 1 және 2 курс студенттері теміржол көлігіндегі экологиялық мәселелер туралы баяндамалар дайындады:
🔹 Байқау нәтижесі бойынша, қазақ тілінде білім алатын екінші курс студенті Өскебай Әмір
«Жасыл логистика: Теміржол тасымалындағы экологиялық инновациялар» жобасымен
құрметті III орынға ие болды.
🎓 Конференцияға қатысушылар мен олардың жетекшілері Республикалық конференцияның сертификаттарымен марапатталды.
👏 «Бурабай» колледжінің әкімшілігі мен студенттері Республикалық конференцияға қатысқан студенттерді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды!
🔍 Мұндай іс-шаралар зерттеу және практикалық дағдыларды дамытып, экологиялық мәдениетті қалыптастырады. 🌱🚆