Текст
«Бурабай» колледжінің студенттері тыл еңбеккері Александра Шихалева апайдың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласын ретке келтіріп, қоқысты шығарып көмектесті.
Мұндай кездесулер — баға жетпес тәжірибе, Жеңісті жақындатуға орасан зор үлес қосқан жандарға деген алғыс пен құрметтің белгісі.
Жылы атмосфера, ардагердің алғысы мен көзіндегі қуаныш — біз үшін ең үлкен марапат болды.
Жеңістің 80 жылдығын атап өту қарсаңында «Бурабай» колледжінің әкімшілігі шайға арналған мерекелік жиынтық табыстады.
Жақсылық жасау — әлемді нұрландырады. Белсенді студенттерімізге атсалысып, шынайы қамқорлық танытқандары үшін алғыс айтамыз!»