Текст
✅ Көкшетау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қалаға арналған ағаш» атты ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті.
🍃 Бұл игі шараға «Бурабай» колледжінің студенттері Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп қатысты.
«Революция сарбаздары» саябағында акцияға қатысушылар көшеттер отырғызып, туған өлкеміздің көркейіп, көгалдануына өз үлестерін қосты.
🌎🤲 Акцияның басты мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәселелерге аудару және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау.
Осындай экологиялық шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.