"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық ынтымақтастық

05.05.2025

«Бурабай» колледжі (Қазақстан) мен Саратов қаласындағы ФГБОУ ЖО «ПривГУПС» арасындағы халықаралық ынтымақтастық

«Бурабай» колледжі (Қазақстан) мен Саратов қаласындағы ФГБОУ ЖО «ПривГУПС» арасында халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Колледж «Бурабай» осыдан 5 жылдан астам уақыт бойы жыл сайын өтетін «Студент – Ғылым – Техника» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға тұрақты түрде қатысып келеді.

Биыл « Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға» «Бурабай» колледжінің студенті Жанұзақов Ернар қатысып, баяндама жасады. Баяндамасының тақырыбы: «Жасанды интеллект және Қазақстан темір жолдарының болашағы: ChatGPT-нің ықпалы, перспективалары және енгізілуі» 📚

Бұл конференция – өзін көрсетуге, ғылыми идеялармен бөлісуге және құнды тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік болды ✨
Жанұзақов Ернардың белсенді қатысуының нәтижесінде ол мақтау қағазымен марапатталды, ал оның жетекшілері Шаймерденов Сансызбай Қайыржанович пен Сағит Диана Серікқызы жас дарындарды қолдауға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарға ие болды.

Әрбір жетістік – табанды еңбектің, білімге деген құштарлықтың және тәжірибелі тәлімгерлердің қолдауының нәтижесі.
Біз мұндай іс-шаралар болашақ кәсіби табыстардың берік іргетасын қалайды, ой-өрісті кеңейтеді және жаңа жетістіктерге шабыттандырады деп сенеміз.

Алда әлі талай жеңістер, жарқын ғылыми жобалар мен шабытты сәттер болсын! 💛

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст