Текст
21 сәуір күні «Бурабай» колледжінде мини-футзалдан жарыс өтті.
Жігіттер өздерінің ең үздік қасиеттерін көрсетті: бір-бірін қолдау, көмек көрсету, ұжымдық шешім қабылдау қабілеттері жоғары деңгейде болды.
Жарыс жоғары эмоциялық көңіл күймен өтті.
Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
🥇 1 орын — ТЖ-11 тобы
🥈 2 орын — ТЖ-21 тобы
🥉 3 орын — АТМ-11 тобы
Жеңіске жеткен студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻