"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

WorldSkills Aqmola – 2025

22.04.2025

«Бурабай» колледжінің 2-курс студенті Досмұқанов Мирас «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша WorldSkills Aqmola – 2025 аймақтық кәсіби шеберлік байқауына «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша қатысып, жүлделі III орынды 🥉 иеленді.

Бұл – «Бурабай» колледжінің WorldSkills чемпионаттарына алғашқы қатысуы болды және ол студент үшін де, ұжым үшін де нәтижелі әрі маңызды тәжірибеге айналды.

Байқауға дайындық барысында колледждің әлеуметтік серіктесі – Көкшетау қаласындағы «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ үлкен көмек көрсетті. Ұйым басшысы Долматов Максим Александрович қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтарда оқуға және жаттығуға мүмкіндік беріп, студенттің сәтті өнер көрсетуіне елеулі ықпал етті.

Колледж кәсіпорыннан келген тәлімгер – талшықты-оптикалық байланыс желілерін өлшеу инженері Меньшаков Алексей Вадимовичке кәсіби көмегі, жеке қатысуы және байқауға сапалы дайындағаны үшін зор алғыс білдіреді.

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст