"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қара сөздің-Қалиханы» әдеби-тарихи кеші

15.04.2025

«Бурабай» колледжінің студенттері Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері өткізген, көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кешке қатысты. Қалихан мұрасын насихаттау, кеңінен дәріптеу мақсатында ақын, журналист Майра Қуанышқызы мен ақын Рамазан Бауыржанұлы жазушының шығармаларына тоқталып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.
Өскелең ұрпақтың Қалихан шығармашылығына терең бойлауы үшін өткен мәнді де мағыналы кездесу болды. Іс-шараға келген қонақтар Қалиханның мол мұрасы жайлы тағылымды дүниелер айтып, студент жастармен емін-еркін сұхбат құрды.

Просмотров: 20


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст