Баршаңызға сәлем, Менің атым Жанбота Батырханұлы Әлжанов,2011 жылы "Бурабай" колледжі "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару"мамандығы бойынша бітірдім. Жоғары білімді Алматы қ. КҚБЖ алдым. 2012 жылы Көкшетау-1 станциясына жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа орналастым. Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істедім. Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген екі жылдан кейін Көкшетау-1 станциясында поездарды құрастырушы лауазымына ауыстырылдым. Талшық станциясы бойынша кезекші болып қызмет атқарып, кейін Талшық станциясының бастығы болып тағайындалдым. Көкшетау-1 станциясындағы орталықтандыру постының кезекшісі болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Көкшетау-1 станциясында сұрыптау дөңесі бойынша кезекші болып жұмыс істеймін.