❗️🚆 2025 жылдың 27 ақпанында Бурабай колледжінің базасында «Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық шеңберіндегі студенттердің кәсіби дайындық сапасы» конференциясы өтті. Конференцияға оқытушылар, студенттер және әлеуметтік серіктестеріміз ЖШС "ҚТЖ-Жүк тасымалы "Ақмола бөлімшесі - Жүк тасымалы" қатысты.
✅ Конференцияның мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлардың жоғары сапалы дайындыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Конференцияда өндірістік практикаға , өндірістік оқытуға, дуальды оқыту нысандарына және жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты мәселелер қаралды.
"Ақмола бөлімшесі - Жүк тасымалының" бас инженері Баржаксин С.Т. кәсіпорынның колледжбен өзара іс-қимылының келешегі мен негізгі аспектілері туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Конференцияға еңбек қатынастары жөніндегі инспектор Баталова А.Т. да қатысып, студенттерге жұмысқа орналасудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді. RailWays сайтын қалай пайдалану керектігін егжей-тегжейлі түсіндірдІ.
✅❗️ Конференция жұмысы жемісті болды