Текст
Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында "Бурабай" колледжінде студенттердің бойында патриоттық, ұлттық сана-сезім мен азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында оқытушы А.Е. Карагинеева 2-3 курс студенттеріне "Қазақстанның мәдени мұрасы" танымдық бейнеэкскурсиясын өткізді. Экскурсия барысында Қазақстанның тарихи ескерткіштері, көрікті жерлері мен мәдени мұрасы көрсетілді. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласына ерекше назар аударылды.