"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Танысыңыздар ! Бурабай " колледжінің бірінші курс студенттері және олардың қызығушылығы

17.03.2021

Бәріне сәлем! Мен "Бурабай" колледжінің бірінші курс студенті Өтелбай Айқын  . Мен таңдаған мамандығым "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару". 🥋Мен "Қазақша күрес"ұлттық спорт түрімен айналысамын. Секцияға  3 сыныпта ересектер қалай жаттығатынын көргеннен кейін бардым. Алғаш келіп, жаттығуды бастаған кезде аздап қорқынышты болды, бірақ мен бұл қорқынышты жеңе алдым. Міне, 6 жыл бойы осы қызықты спорт түрімен айналысып келемін. ✨Мен командамен бірнеше рет қатысып, аудандық, облыстық жарыстарда жеңдім. Ашық өңірлік жарыстарда жүлделі орындарға ие болдым.🏆 📍Мұнымен тоқтап қалмаймын, әр жолы жаңа мақсаттар қойып, оларға қарай жүремін. Өзіме және өз күшіме сену жеңіске жетуге көмектеседі, жақындарымның қолдауы, мені физикалық және ақыл-ой жағынан мықты етеді. Өзіңізге сеніңіз, бұл сіздің қолыңыздан келеді!

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст