"Бурабай" колледж мекемесі
Учреждение колледж "Бурабай"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибе

03.03.2021

Мен ТЖ-41 тобының 4 курс студенті Молдагалиев Султан өндірістік-технологиялық тәжрибені Володарское станциясында өттім.
Володарское станциясына өндірістік тәжрибе өту кезінде, Володарское станциясының бастығы Кенжекеев Амаз Заитовичпен таныстым, менің басшыма 2019 жылы "Темір жол станциясының үздік бастығы"атағы берілді.
Оларға қауіпсіз қозғалысты және еңбекті қорғауды, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық жүргізілді, нұсқаулық журналында тіркелді. Пандемия кезінде санитарлық нормаларды ұстану керектігін айтты.
Өндірістік тәжрибе жетекшісімен келесі тапсырмалар берілді :
* Пойыз құрастырушының жұмыс орнын зерттеу;
* Станция бойынша кезекшінің жұмысын зерделеу
* Володарское темір жол станциясы жұмысының функционалдық ерекшеліктерімен танысу ;
* Жеке қауіпсіздік техникасын үйрену және сақтау .
Тәжрибе өту кезеңінде Володарское станциясы тасымалдау процесін ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратынын білдім:
- станция транзиттік жүк, жолаушылар және қала маңындағы поездарды өткізу ,қабылдау және жөнелту, оларға техникалық қызмет көрсету,      локомотивтерді ауыстыру және жабдықтау, локомотив бригадаларын ауыстыру, учаскелік және құрама поездарды таратуды қалыптастыру, сондай-ақ жергілікті жүктермен жұмыс істеу 
Тәжірибеден өту кезінде дипломдық жоба үшін ақпараттық материалдар жинадым.
Тәжрибе өтудің барысында білгенім,станция бойынша кезекшінің техникалық құжаттаманы толтыруы.
Ол маған әрі қарай оқуыма және жұмысыма көмектесетін пойыз құрастырушының жұмыс дағдыларын игердім.
Володарское станциясында өте білікті қызметкерлер. Бұл тәжірибе маған тек пайдасын тигізді деп сеніммен айта аламын. Нәтиже менің үмітімді толық ақтады.

Просмотров: 169


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст